Қызылордада киік еті ашық саудаланып жатыр
БАҚ мәліметінше, етінің 1 келісі - 1500 теңгеге сатылуда
Қызылордада киік еті ашық саудалануда. Қызыл кітапқа енген жануар етінің бір келісі 1500 теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қаладағы дүкендердің бірінде атылған ақбөкендерді сатып жатқан бейнежазба тарады. Облыс аумағында киіктерді атуға, аулауға рұқсат етілмеген. Құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр.
Қазіргі таңда республика аумағында 4 облыста киіктердің санын реттеу үшін аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан енді мәліметтерге сәйкес киіктер Қарағанды облысынан жеткізілген. Заңдылықтарын құқық қорғау органдары анықтап жатыр", - деп хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдразақов.