Жаңалықтар

Павлодарда балаларына дұрыс қарамаған ана жазаланды

Балаларына қарамаған аналарды рейд жүргізу барысында анықтаған

Павлодарда тәртіп сақшылары рейд барысында 38 жастағы балаларына дұрыс қарамаған ананы анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Ол төрт және алты жастағы екі баланың тәрбиесіне салғырт қараған және алкогольді ішімдік тұтынған. Тұрғын ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады», – дейді департаментте.

Жыл басынан бері дәл осындай кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу  жөніндегі өз міндеттерін орындамаған 72 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, елімізде балаларын қараусыз қалдырған, сондай-ақ ата-аналық міндеттерін орындамаған азаматтар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.