46 кеншінің қазасы: Нұрсұлтан Назарбаев қоры 50 млн теңге аударады

6 қараша, 2023 / taulik
Ашық дереккөз
Костенко атындағы шахтадағы апаттан 46 кенші қаза тапты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Костенко шахтасындағы кеншілердің қазасын зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады taulik.kz.

"Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлді", - делінген хабарламада.

Тэгтер:

шахта апат Костенко Нұрсұлтан Назарбаев қоры