Қоғам

Тұмауды қалай жылдам емдеуге болады?

Тұмауды жылдам емдеу жолдары

Тұмаурату маусымдық аллергияларға, гормондық өзгерістерге немесе температураның күрт ауысына байланысты болуы мүмкін. Назарларыңызға тұмауды жылдам емдеудің ең тиімді 5 тәсілін ұсынамыз.

1. Ыстық шай ішу

Тұмау тисе ыстық шай немесе кез келген сусын ішіңіз. Ең бастысы, ол ыстық болуы керек, бірақ күйдіретіндей емес. Тұмау тигенде ыстық сусын мен оның буы жұтқыншақтың қан айналымын арттырады. Нәтижесінде бітелген мұрын ашылып, дем алу жеңілдейді.

2. Ыстық душ қабылдау

Жылдам жеңілдегіңіз келсе, ыстық душ қабылдаған дұрыс. Себебі душ мұрыннан аққан суды тоқтатады және мұрынның бітелуін жояды.

3. Мұрынға жылы компресс жасау

Күніне 3-4 рет 2-3 минуттан ыстық суға малынған дымқылданған майлықты мұрныңызға қойып қойыңыз. Алайда майлық қатты күйдіріп жіберетіндей ыстық болмауға тиіс.

4. Мұрынды тұз ерітіндісімен шаю

Дәріханадан дайын тұз ауа кірнесін сатып алыңыз немесе оны өзіңіз үйден дайындаңыз. Тұз ерітіндісін дайындау әдісі де қарапайым. 240 миллилитр стақанға жылы су құйып, оған ½ шай қасық тұз бен бір шымшым ас содасын қосыңыз. Мұрныңызды осы ерітіндімен күніне 3-4 рет жағымсыз симптомдар жойылғанша шайыңыз.

5. Көп сұйықтық ішу

Бұл әдістің әсері күшті болуы үшін жылы сусын ішу керек. Бірақ егер қолыңызда салқын сусын ғана болса, ол да жарамды. Бастысы сұйықтық ішу қажет. Себебі денеде су жеткіліксіз болған кезде мұрын бітеліп, дұрыс жұмыс істемейді. Танаудың ішіндегі шырыш құрғап, қалыңдап, мұрынның бітелуіне әкеледі. Сонымен қатар мұрында осындай қалың маңқа қалыптасқанда вирустар мен бактериялар өзін жеңіл сезінеді. Яғни ауру ұзаққа созылуы немесе жалпы суықтан әлдеқайда жағымсыз нәрсеге айналуы мүмкін.

Жалпы тұмау болғанның өзінде дәрігерге қаралған дұрыс. Өйткену тұмау – тәуелсіз ауру емес, тек симптом. Одан толығымен айығу үшін «жанама әсері» бар ауруды жеңу керек. Бұны кәсіби мамандардың немесе терапевтердің жетекшілігімен жүргізген тиімді.