Әйелін шапалақпен ұрған ақтөбелік сотталды

8 қараша, 2023 / Гауһар Есенгелдіқызы
Ақтөбеде әйелін ұрған адамға қатысты іс қаралуда

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін ұрған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады Taulik.kz тілшісі.

Сотта анықталғандай, 30 қазанда зайыбымен ауызша жанжал кезінде жақтан бір тартып, сол арқылы денсаулығына еш зиян келтірместен оған физикалық ауыртпалық түсірген. Ер адам сотта өз кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Оған соттың қаулысымен ескерту түрінде жаза қолданылды.

Сонымен қатар жігіттің мінез-құлқына қатысты 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылады.

Оның ішінде:

Сондай-ақ ер адам профилактикалық әңгіме жүргізу үшін апта сайын полиция бөліміне баруға міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Тэгтер:

Ақтөбе сот шапалақ