Жаңалықтар

Ресей Қазақстанда үш ЖЭО-ның салынуына атсалысады

Ресей үш ЖЭО салу туралы құжатқа бүгін қол қояды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында елімізде ЖЭО салу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бағытын талқылау мақсатында Алексей Оверчук екеуіміз 31 қазанда Үкіметаралық комиссияның отырысын өткіздік. Бірқатар мәселе қаралды. Мысалы, Ресейден ағаш экспорты мәселесі бар. Жыл соңына дейін Қазақстан-Ресей шекарасында ағаш материалдарын елімізге әкелу үшін қосымша ТЖ өткізу пункттерін ашу пысықталатын болады»,- деді Жұманғарин.

Ол атағандай, қазақстандық темір кені шикізатының ай сайынғы транзитін қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктер қаралады.

«Ресей тарапының Қазақстандағы 3 ЖЭО жобаларын іске асыруға қатысуы бойынша тиісті құжатқа бүгін қол қойылады. Елдер арасындағы әуе қатынасын кеңейтетін боламыз. Атап айтқанда, Новосибирск және Челябинск қалаларына QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын көбейту келісілді», - деді Серік Жұманғарин.