«Әуежайды басып алу» ісі бойынша сот үкімі өзгермеді

10 қараша, 2023 / Гауһар Есенгелдіқызы
“Әуежайды басып алу” ісі бойынша Әйгерім Тілеужанның үкімі өзгермеді

10 қарашада Алматы қалалық соты "әуежайды басып алу" ісі бойынша сотталғандар – белсенді Әйгерім Тілеужанова және өзге сотталушылардың үкімін қарап, бірінші инстанциядағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Апелляция алқасы соттың алғашқы инстанциясында жәбірленушілерге тиген зардап ескерілмегенін айтып, "күрделі жағдайға байланысты сот сол сәтті жіберіп алған сияқты" деді. Сот алқасы сол тұсын ескергенін мәлімдеді.

Бұл іс бойынша әуежай қызметі және әуе компаниясы жәбірленуші танылған. Сот жәбірленушілердің пайдасына сотталушылардан ақша өндіруді қаулы етті.

Сот Әйгерім Тілеужанованың апелляциясын 19 қыркүйекте қарай бастаған. Алайда содан бері сот отырысы бірнеше рет шегерілген. 

Тэгтер:

Әуежай Әйгерім Тілеужан сот үкіму