Жаңалықтар

«Алтын Орда» базарының сәләфиттермен байланысы бар ма

Орталық меңгерушісі сұраққа жауап берді

 

Құрылыс саласында 30 жыл тәжірибесі бар, «Қуат» құрылыс корпорациясы мен "Алматыгорстрой" ЖШС жұмыс істеген, "Алтын Орда" сауда орталығының меңгерушісі Айдар Амангельдинді халық адамгершілікті биік қойған адам ретінде таниды. Ол өзінің "Бағдар медиа-арнасына берген сұхбатында "Алтын орда" базарындағы былықтарды әшкерелеп, ішкі жағдаймен таныстырды. Ол базардың бұрынғы және қазіргі бейнесіне сипаттама беріп, пікірлерімен бөлісті, деп жазады Taulik.kz.

"Бұрын базар басшылығының сәләфиттермен байланысы болды ма" деген сұраққа ортасында жүрген азамат ретінде жауап берді.

"Қазір бұл базарда кім жоқ, кім басшы, кім қосшы түсініксіз ол жерде. Біреуі базарды алар кезде өз ақшамызбен қоректендік, ал базарды алғаннан кейін не табасыңдар, қалай табасыңдар сендердікі, өз үлестеріңді аласыңдар болды бітті дейді екен.

Ал, сәләфиттерге келсек, директордың жан-жағынан сақалды жігіттерді байқадық. Күзетшілері де сақалды жігіттер. Бірақ олардың сәләфизмде ме, уахабизмде ме білмедім. Бірақ өзге діни ағымның өкілдері екені ап-анық",- деп қайырды ол.