Жаңалықтар

Қытайдан тауар алдырмақ болған елордалық әйел 31 млн теңгесінен айырылған

Елордалық әйел алаяққа алданып қалды

Елордалық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп алаяққа 31 млн теңге берген.

Екібастұзда тұратын қыз астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен алып беруге уәде еткен. Бірнеше ай бойы ол тауарды үнемі жеткізіп отырған. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде әртүрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен тауар ұсынатын көптеген топтар құрған. Жеткізу ауқымы iPhone телефондарынан бастап, ыдыс-аяққа дейін болған. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, басқалардың ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.