Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 балаға 2 миллион теңгеден беріледі
20 миллионыншы боп дүниеге келген сәбилерге Отбасы банк 5 миллион теңге берді
"Отбасы банкі" еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 миллион теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады", - деді басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары өздері тұрып жатқан қаладағы банк бөлімшесіне баруы керек.
"Өздерінің және баланың туу туралы куәлігін көрсетуі тиіс. Немесе видеобанкинг арқылы да хабарласуына болады. Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі",- деді "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.