Жаңалықтар

«1987 жылы маған алаңға шығып, сөз сөйлеуге рұқсат етпеді»: Дінмұхамед Қонаевтың естелігі

«1987 жылы маған алаңға шығып, сөз сөйлеуге рұқсат етпеді»: Дінмұхамед Қонаевтың естелігі

Желтоқсанның он жетісі күні сағат 11-ге қарай маған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы О.С.Мирошхин телефон соқты. Орталық Комитетке келуімді өтінді. — Жайшылық па? Мен зейнетті демалыстамын ғой, — деп едім, ол: — Алаңға бір топ жастар жиналды. Олар кеше өткен Орталық Комитеттің пленумының шешімін дұрыс-бұрыстығын білгісі келеді. Талабы сол. Жиналғандардың алдында сөйлеп, істің мән-жайын түсіндіріп берсеңіз дұрыс болар, — деп жауап берді. — Жақсы, — деп және мынаны сұрадым. — Колбин келісе мен бұған? Мирошхин телефон тұтқасын Колбинге берді. Ол Орталық Комитетке келіп, жастар алдында сөйлеуімді өтінді. Мен келісімімді бердім. Табан астынан жиналып, айтқан жерге бардым. Бірінші хатшының кабинетіне кірсем, Бюро мүшелері түгел жиналып, алаңға жиналғандарға не істеу керектігін ақылдасып отыр екен. Колбин екі адамға: Назарбаев пен Камалиденовке — жастар алдында сөйлеуді ұсынды. Маған сіз былай етсеңіз қайтеді деген тапсырма болмады. Колбиннің кабинетінде бақандай екі сағат, тіпті, одан да асық уақыт тапжылмай отырдым. Басын аша кетейін, менің сөз сөйлеуім туралы әңгіме көтерілген жоқ. Сосын Колбин Мәскеумен байланысып, әлдекіммен сөйлесе бастады. Әңгімесіне кедергі болмайық деп, Мирошхиннен басқамыз сыртқа шығып кеттік. Араға аз-кем уақыт салып, Колбин барлық бюро мүшелерін жинап, оларға қосып мені де шақырды. Кірген бойда ол маған: — Сіз боссыз, дем ала беріңіз. Біз өзіміз-ақ тиісті шара қолданып, тәртіпке келтіреміз, — деді. Мен шығар алдында Мирошхиннен: — Не үшін шақыртты, неге сөйлетпедіңіздер? — деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: — Ақылдаса келіп, сізге алаңға шығып сөйлеуіңіздің қажеті бола қоймас деп шештік. 1987 жылы маусым айында Мәскеуде өткен КОКП Орталық Комитетінің пленумында маған алаңға шығып, сөз сөйлеуге рұқсат етпегенін Мирошхин тағы да растады.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан