Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

9 қаңтар, 2024 / taulik
Алматы облысының аумағында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды taulik.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тауларында 8-11 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталатынын мәлімдеді.

«ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Тэгтер:

қауіп Алматы облысы төтенше жағдай қар көшкіні