Жаңалықтар

Вейпке толық тыйым салынды – Мәжіліс заңды мақұлдады

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады.

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған.

"Электрон тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында".