Түркия қазақстандық жобаларды қаржыландыру үшін ортақ қор ашуды ұсынды
Түркиядағы ең ірі венчурлық қор ұсыныс жасады.
Стамбұл қаласына қысқа жұмыс сапары барысында ҰЭМ басшысы Koyuncu Group, Kayatürk, Turkven, S Sistem ірі компанияларының топ-менеджерлерімен кездесті. Тараптар негізгі инвестициялық жобалар мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды taulik.kz
Koyuncu Group – химия өнеркәсібі мен күн энергетикасы саласының көшбасшысы
Kayatürk – тоқыма өнеркәсібіндегі жетекші компанияның бірі
Turkven – Түркиядағы ең ірі венчурлық қор
Атап айтқанда, Turkven қазақстандық жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-мен бірлескен қорды ашуға ұсыныс білдірді. Қызметті үйлестіру мақсатында іс-шараға «Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары Ғалым Үсен қатысты. Бұл кездесулер экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын көрсетті. Ал кейбір жобалардың аяқталу сатысында тұрғандығы екіжақты инвестициялық бастамалардың белсенділігі мен нәтижелілігінің көрінісі.
Бұдан бөлек қазақстандық делегация S Sistem дистрибуциялық орталығында болды. Ең ірі логистикалық қызмет көрсету операторының тәжірибесі отандық инфрақұрылымды жетілдіру мен жаһандық логистикалық желілерге интеграциялау бойынша жұмысты күшейтуге көмектеседі.
ҚР ҰЭМ мен «Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту мен инфрақұрылымды жақсартуға, сол арқылы еліміздің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударуда.