Жаңалықтар

35 мыңға жуық адам: Астанада ауқымды тазарту қалай өтті

Бүгін, 23 наурызда Астанада "Тазару" ауқымды жалпыұлттық акциясы өтті.

Бүгін, 23 наурызда Астанада "Тазару" ауқымды жалпыұлттық акциясы өтті. Оған 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға қатысушылардың әрқайсысы елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосты. Қала тұрғындары бүкіл кіреберістермен өз аулаларын тазарту үшін шықты.

Мердігерлік ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен мүсіндік құрылыстарды, қоқыс алаңдары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қаланы жалпы жинау кезінде бес ауданның әрқайсысында аялдама кешендерін, тротуарларды, қоршауларды, жарықтандыру тіректерін жуу және тазалау жұмыстары жүргізілді.Акция аясында аулалар мен көшелер, сондай-ақ арықтар қар мен қоқыстан тазартылды.

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Полигонға барлығы 60 мың тонна қалдық шығарылды.

Биыл Қазақстанда Наурыз 10 күн бойы аталып өтуде. 23 наурыз Наурызнамның онкүндігіндегі тазарту және жаңару күні деп аталды.