Қарағанды облысында анасы балаларын өлтірді деген күдікке ілінді
Полиция әйелдің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады
Қарағанды облысының полиция департаменті Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінен 2-4 жас аралығындағы екі баланың денесін тапқанын хабарлады.
Полиция балаларын анасы өлтірді деп күдіктеніп отыр. Қазір әйел қамауға алынған. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.