Маңғыстауда мұнайшылар жалақысын көтеруді тағы талап етті (видео)
Маңғыстауда мұнайшылар жалақысын көтеруді тағы талап етті (видео)
17 тамызда Маңғыстау облысындағы «Қарақұдықмұнай» ЖШС жұмысшылары ереуілге шығып, компания басшылығынан жалақысын 100 мыңға көтеруді талап етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Lada басылымына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, жұмысшылар бұл наразылыққа заңды түрде шыққан, олар акицяға шығатынын компания басшылығына хабарлап, уәкілетті органдардан рұқсат алып, бір апта бұрын мәлімдеген.
«Біз компания басшылығынан жалақымызды 100 мың теңгеге көтеруді сұраймыз. Осы жылдың наурыз айында біз ереуілге шықтық, сол кезде басшылық талабымызды орындауға уәде берген еді, алайда сол күйі орындамады. Біз бүгінгі наразылығымызды ресми түрде тіркедік және соңына дейін баруға дайынбыз, басшылықтың шешімін күтеміз», - дейді қызметкерлер.Сонымен қатар компания қызметкерлері ереуілден өндірістің тоқтамағанын, жұмыс әдеттегідей жүргізіліп жатқанын да айтты. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.