Астана қаласы

«Мерейлі отбасы»: Астанада ұлттық байқаудың қалалық кезеңіне өтінім қабылдау басталды

Байқауға қатысып, бақтарыңызды сынап көріңіздер.

Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың негізгі мақсаты - отбасы институты, адамгершілік, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу мен қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық нұсқада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru  элекронды поштасына жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01 нөмірлеріне хабарласуға болады.