Білім

Endowment қорына 5 млн теңге аударған ең жас меценат

Жас меценат «QADAZ MEDIA» білім беру орталығының негізін қалаушы.

Журналистика және саясаттану факультетінің 4-курс студенті, «QADAZ MEDIA» білім беру орталығының негізін қалаушы Аружан Амангелді оқу орнының жас меценаты атанды.

Ол әлеуметтік осал санаттағы студенттерді қолдау үшін ЕҰУ-дың Endowment қорына 5 миллион теңге аударды. Бір қызығы, Қазақстанда алғаш рет университет студенті өз білім ордасына қайырымдылық көмек көрсетіп отыр.

Айта кетейік, ENU Endowment Fund 2022 жылы мұқтаж студенттерді, сондай-ақ талантты білім алушыларды қаржылық қолдау, олардың инновациялық қызметі, университеттің түрлі жобаларын іске асыру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда ENU Endowment Fund студенттердің әлеуметтік осал санаты үшін 30 шәкіртақы беріп келеді.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз және университетіміздің болашағына қосқан үлесі үшін Аружанға алғыс айтамыз!