6 баланың анасы тұрмыс пен блогерлікті қалай ұштастырып жүргенін айтты
Көпбалалы ана бәрін үйлестіре білу керек дейді.
Қазіргі уақытта әйелдер күнделікті өмірді, бала тәрбиесін, жұмысты және өзін-өзі дамытуды қатар алып жүре алады. Мұны 25 жасында алты балалы ана атанған елордалық блогер Ажар Қабитова дәлелдеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ол өзінің көпбалалы отбасының өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ажар Қабитова балаларды тәрбиелеп қана қоймай, көпбалалы отбасының қуаныштары мен қиындықтары туралы әңгімелеп, өз блогын белсенді жүргізеді.
«Менің үлкен қызым төрт жаста, егіздер екі жаста, ал үшемдер екі айлық. Үлкен қызым – Амаль, егіздер – Алан және Айша, үшемдер – Әмірхан, Әміре және Әлихан. Балаларымның бәрі №2 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогында дүниеге келді және бір қызығы, мен әр уақытта бір палатаға баратынмын. Мамандығым бойынша мен заңгермін, бірақ бесінші жыл декреттік демалыста болдым. Дегенмен өзімді дамытуға уақыт табамын. Өз блогымды жүргіземін, онда отбасылық құндылықтар туралы айтамын, балалармен жұмыс күндерін көрсетемін, біздің отбасымыз қандай қуанышқа бөленді, сонымен қатар кейде қандай қиындықтарға тап болғанымыз туралы айтамын. Тіркелушілеріме көпбалалы ана болу қиын емес екенін, кез келген ананың дені сау, әдемі және жақсы күтімдегі әйел бола алатынын айтамын», - деді көпбалалы ана.
Ажар үй шаруасын үйлестіре біліп, яғни туыстарынан көмек сұрап немесе бала күтушіні шақыру керек деп санайды.
«Мен босамай жатсам, анам бала күтіміне көмектеседі. Бала тәрбиесіне жұбайым да араласады. Ол барлық тұрмыстық қиындықтарды өз мойнына алды. Біз алты сәбимен тоқтағымыз келмейтінін атап өткім келеді. Бес жылдан кейін тағы да балалы болуды жоспарлап отырмыз», - деді блогер.
Ажар әйел өзін бірінші орынға қойып, содан кейін басқаларға көңіл бөлу керек деп санайды.
«Декретте көптеген әйел өздерін ұмытып кетеді. Бірақ сіз әрқашан әдемі, сау болып, сыртқы келбетіңізге және ішкі күйіңізге көп уақыт бөлуіңіз керек. Мен міндетті түрде күтім жасаймын, айына кемінде үш рет сұлулық салонына барамын, шипажайларға барамын, үнемі массаж жасатамын. Маманға баруға мүмкіндік болмаған кезде, мен өз-өзіме массаж жасаймын, спортпен айналысамын. Сонымен қатар бір сағат ішінде түскі және кешкі ас дайындауға үлгеремін», - деді алты баланың анасы.
Блогер егер көп балалы болу мүмкіндігі болса, онда оларды өсіруге де күш-жігер жетеді деп санайды.
«Біз қарапайым қарапайым отбасымыз, үйлесімді өмір сүріп жатырмыз, бізде ұрыс-керіс пен айғай-шу болмайды, ең бастысы, біз балаларымызды қатты жақсы көреміз. Бір-бірімізге құрмет көрсетеміз. Біз әр балаға мүмкіндігінше көп көңіл бөлуге тырысамыз. Комментарийде желі қолданушылары балаларды жәрдемақы үшін дүниеге әкелгендерін жиі жазады. Бұл мүлдем дұрыс емес деп жауап бергім келеді. Біздің балалар молшылықта күн кешіп жатыр. Біз олардың әрқайсысына жеке-жеке қарауға тырысамыз, үлкен балаларымыз жеке балабақшаларға барады. Мемлекеттен жәрдемақы аламыз. Алатын жәрдемақы мөлшері қажеттіліктерге жеткілікті», - деді ол.
Ажар Қабитова тек мемлекеттің көмегіне үміттенетіндердің қатарынан емес, жұбайы екеуі отбасына қажеттінің бәрін өздері қамтамасыз етуге тырысатындықтарын айтады.