Психологиялық тест: Туған күніңіздің соңғы саны қандай?
Психологиялық тест: Туған күніңіздің соңғы саны қандай?
Адамдар көбіне өміріндегі сандарға аса мән бермейді. Алайда психология саласында адамның дүниеге есігін ашқан күнінің оған әсер ететіні айтылады. Туған күніңіздің соңғы саны сіз туралы құпияны ашпақ.
0
Сіз ашық-жарқын адам емессіз. Алайда өте білімдісіз. Мінезіңіз жуас болғандықтан, көбі сізді жасқаншақ деп ойлайды. Бірақ сізде де жасырынған тік мінез бар. Біліміңізді қолданып үйреніңіз.
1
Тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Сол себепті өзіңізге тым үлкен талаптар қоясыз. Сәйкесінше еңбекқорсыз. Өзімшілдік сізге тән емес. Жұбыңызды сыйлап, жақсы көресіз..
2
Жауапкершілікке бей-жай қарамайсыз. Айналаңызға қамқорлық танытасыз. Ылғи мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Адамдар сізге сенім білдіреді. Тез ойланып, тез әрекет етуге дағдыланғансыз. Тіліңіз өткір болғандықтан, бейтаныс ортада да айтатын сөз табасыз.
3
Тым көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңызды жоғары бағалайсыз, олар сіздің барыңыз да, нарыңыз да. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып ойланасыз. Интровертсіз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. Сіздің ерекшелігіңіз – қоғамның пікіріне тәуелді еместігіңізде.
4
Интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Шығармашыл жансыз, оны дамытуға әрекет етесіз. Өте сезімталсыз.
5
Еркін адамсыз. Өзіңізге ғана сенесіз. Алдыңызға қойған мақсаттарға жету үшін тынбай еңбек етуге дайынсыз. Жақындарыңыз үшін қолыңыздан келгеннің бәрін істейсіз. Кез келген пікір мен сынға дайын адамсыз.
6
Өте көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Шешімді тез қабылдайсыз. Өмірге ғашық жансыз. Адамдарды таңқалдырғанды ұнатасыз. Күллі әлемге махаббат көзімен қызыға қарайсыз.
7
Сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз.
8
Адамдармен тез тіл табыса аласыз, ашық адамсыз. Достарыңыз көп. Сіздің аураңыз бәріне ұнайды. Адамдар сіздің жаныңызда өзін бақытты сезінеді. Сізге сенеді. Ерекшесіз. Махаббатқа құштар жансыз.
9
Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізбен мақтанғанды ұнатасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді.