Жаңалықтар

Туған күнге әкеге арналған тілектер

Әкеге, туған күнге арналған тілектер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз

Әке туған күніңізбен! «Әке, әке қымбат, әрине» деген, мына өмірде әкелерімізді әрдайым ардақтай білейік.

Қабірменді әке! Ешқашан көңіліңізге дақ түспесін, әрдайым балаларыңыздың қуанышына бөленіп, 100-ге келіңіз.

***

Әке туған күніңізбен! Әкемізге мықты денсаулық, ашық аспан, мол бақыт және толағай табыс тілейміз.

Туған күніңіз құтты болсын. Бақыт, байлық басыңа келіп қонсын. Өмірің гүлдей жайнап өте берсін. Құдайым қайғы-мұңды жолатпасын.

***

Ардақты Әкемізге ғұмырыңыздың әрбір сәті нұрға толсын деп, көзіңіздің нұры – балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығына бөленіп, шаттыққа толы өмір кешіңіз дейміз. Жұлдызыңыз биік, бақытыңыз баянды болсын. Туған-туыс пен дос-жаранның арасындағы қарым-қатынасыңыз тек жақсылыққа толы болсын.

***

Бәріміздің ақылшымыз, жол көрсетер керуен басшымыз, асқар таудай тірегіміз, ардақты жанашыр әкеміздің туған күнімен құттықтаймыз.

Өміріңіз мәнді, мағыналы болсын, жақсылыққа жайылған ақ дастарқанымыздан береке кетпесін. Сізге айтар тілегіміз бен алғысымыз шексіз. Алла көрер қызығыңыз бен ырысыңызды тауыспасын.

***

Жан әке, біздің сізге айтар алғысымыз шексіз. Қайғысы мен қуанышын қатар тосқан өмірде, баба тарихымызды жадымызда жаттатқызып, ат-салтын тұрмысымызда сақтатқызып, ананың тілінен бал татқызып, осындай жарқын өмірге жетеледіңіз. Өлемтің емес – өшпестің, құлқынның емес – құндылықтың күйін күйттеуге үйреттіңіз. Біз сіздің деніңіздің саулығын, отбасы бақытының жалғасуын, ұрпағыңыздың үбірлі-шүбірлі болуын тілейміз. Алла имандарыңызды берік етіп, лайым ұзақ ғұмыр жасауға жазсын!

***

Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!

Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.

***

Менің әкемнің әрбір айтқан кеңесі тура және дәл болатын, керегіне жарайтын. Сенен ерлік пен батылдықтың өнегесін алдық. Өзің сияқты сыйлайтын, именетін адам жоқ шығар, бұл дүниеде! Менің жетістігіме шынайы қуанасың, ал мен сенің көңіліңе қаяу түсірмеуге уәде етемін! Жүз жаса, ауырма! Туған күнің құтты болсын!

***

Әкешім, бала кезде де, осы жаста да өзгеден кем етпей бәрін бердің: махаббатты да, жылулықты да аямадың. Бүгін осы жасқа келіп, есейсек те, өзіңнің сол баяғы кішкене балапандарың боп қала бермекпіз. Сенің орның жүрегімізде ойып тұрып орын алады. Бақытты болуың, сенің тәрбиеңді алып, үмітіңді ақтау – өмірлік мақсат. Сен аман бол, жасыңа жас қос! Қартайма, жасыма! Біз, балаларың, қасыңдамыз!