Жаңалықтар

Жаңа жылға арналған ізгі тілектер топтамасы

Жаңа жыл қарсаңында айтылатын ізгі тілектер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз

Ескі жыл – мұңның, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, қиындық атаулыны өзімен бірге ала кетсін. Жаңа жыл жетістіктерге, әсерлі сәттер мен қуанышқа толы болсын. Жылан жылында армандарыңыз ақиқатқа айналып, өміріңіз жаңа белеске көтерілсін.

***

Барлығымыз үлкен үмітпен күтетін жаңа жыл жақсылығымен келсін. Арайлап атқан әр таң бақыт сыйлап, көңіл көкжиегіміз нұрлана берсін. Жанымыздан жақсы адамдар табылып, сәттілік серігімізге айналсын. Жүрегіміз мейірімге, жылулыққа толы болғай.

***

Міне 2024 жыл да соңына жетті. Әр жыл өзінің жақсылығымен келеді. Ұлу жылына да артатын үміт көп. Отбасымызға құт, береке, ырыс алып келсін. Жүзімізден күлкі кетпей, бақытқа бөленіп жүре берейік. Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін. Лайым бұл жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш, жаңа жетістік ала келсін. Жылдан-жылға аман-есен жете берейік. 

***

Жаңа жылда жұмысыңыз табысты, денсаулығыңыз мықты, жүрегіңіз тыныш, дастарханыңыз мол болып, тек жақсылыққа жайылсын. Барлық істеріңіз алдыға жылжып, бастамаларыңыз жақсы нәтиже берсін. Жағымды жаңалық пен толағай табыс тілеймін. 

***

Жаңа жылда адамдардың көңілі аппақ қардай таза болсын. Сыйқырлы мереке өмірімізге ғажайыптар алып келсін. Зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін, жүзіңізді мұң шалмасын. 

***

Жылан жылында шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленгейсіздер. Жыл бойы көңілдеріңізді кір шалмасын, көтемнің сұлулығын, жаздың жылулығын тілеймін. Жаңа жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! 

***

Жаңа жыл құтты болсын! Осы жылы барлық қойыған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, түйінді мәселелер шешіліп, жылыңыз тосын сыйларға толы болсын. Биылғы жыл көңілді, алаңсыз және берекелі болсын! Жаңа 2025 жыл саған тек қызықты да қуанышты сәттер алып келсін!

***

Жылан жылы нұр болып келсін. Қажыр-қайратымыз таусылмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдағы жыл халқымызға тек жақсылығын ала келсін. Береке-бірлігіміз ажырамай, жаңа жылда биік белестерді бірге бағындырайық. Татулығымыз ажырамасын. Шаттық пен қуанышқа кенеле берейік. 

***

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 2021 жылы мақсат-тілектеріңіз, армандарыңыз орындала берсін. Келер жыл бейбітшілік, құт-береке, табыс пен қуаныш ала келсін! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін. 

***

Жаңа жылдың қарсаңында өткен жылға қорытынды жасап, келесі жылға жоспар құру дәстүрлі іс. Сіздерге өткен жылдың ең қуанышты естеліктері мен жеткен жетістіктеріңізді бірге алып, сәтсіздіктерді арта қалдыруды тілейміз. Жаңа 2025 жылы үмітіңіз ақталып, әр отбасыға ырыс пен береке, қуаныш ала келсін! Жаңа жыл құтты болсын!