Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің алғашқы жары өмірден өтті

Заманбек Нұрқаділовтің алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды

Нұрбике Нұрқаділованың өмірден өткені туралы қызы Құралай Нұрқаділова әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Taulik.kz.

«Бүгін түнде еліміз үшін үлкен тұлға өмірден өтті. Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында оның сенімді серігі болған әйел. Ақылды, білімді, саясатқа жүйрік Нұрбике Ілімбайқызы өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады», – деді марқұмның қызы Құралай Нұрқаділова.

Сонымен қатар, Құралай анасының Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп нәрсені айтып бере алатын ерекше жан болғанын атап өтті. Оның мақұлдауымен талай жас саясаткерлер алға қадам жасаған. Тарихи оқиғаларды жатқа біліп, оларды өте қызық жеткізетін қасиеті болған.

«Анамның даналығына оны таныған әр адам тәнті болатын. Жатқан жерің жайлы болсын, анашым, мен барымды салдым!» – деп түйіндеді дизайнер.

Нұрбике Нұрқаділова 79 жасына қараған шағында өмірден өтті.