Тұрғын үйге қатысты жаңа заң – 4 ерекшелік
Тұрғын үйге қатысты жаңа заңда қандай өзгерістер болады? Ерекшеліктері қандай?
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Жаңа заң бойынша негізгі блоктар
Бірінші блок – пәтер кезегінде ұзақ тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.
Екінші блок – баспанаға мұқтаж жандар үшін қосымша кепілдіктер енгізілген.
Үшінші блок – мемлекеттен алынған пәтерлерді иелену және пайдалану шарттары нақтылаған.
Төртінші блок – жер заңнамасы, құрылыс және депозиттерге кепілдік беру туралы заңдарға өзгерістер енгізілген.