Түс жору: түсіңізде жылан көрсеңіз не болады?
Түсіңізде жылан көру кейде қауіптің, кейде жақсылықтың нышаны болуы мүмкін. Жыланның әрекетіне байланысты түс жорамалы тағдырыңыздағы маңызды өзгерістерді меңзейді.
Түс көру – адам баласының өміріндегі жұмбақ құбылыстардың бірі. Қазақ мәдениетінде түсті жақсылыққа жору ежелден қалыптасқан дәстүр. Әсіресе жылан түске кірсе, оның мағынасын дұрыс түсіну маңызды, өйткені жылан кейде қауіптің, кейде жақсылықтың нышаны болуы мүмкін.
Жылан жолды кессе: бұл түс алда болуы мүмкін қауіп-қатердің белгісі. Жолдың жабылуы, дұшпандардың күшеюі немесе сәтсіздік туралы ескертеді. Мұндай түс көргенде, жамандықтың бетін қайтару үшін "жаман түсімді жыланға көшір" деп ырым жасаған.
Жылан қуып жүрсе, шағуға әрекет етсе: бұл түс дұшпанның торына түсіп, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Бұл жағдайда түсіңізді жорамалдап, садақа беріп, оны құпия ұстаған дұрыс.
Жылан босағада немесе шаңырақта тұрса: мұндай түс үйге немесе отбасыға қауіп төнуі мүмкін екенін білдіреді. Мұндайда иманды адамға түс жорытып, садақа беру және құдайы тамақ ұйымдастыру ұсынылады.
Жыланды өлтірсеңіз: бұл түс жақсылықтың белгісі саналады. Беделіңіз артып, дәулетіңіз көбейіп, бақ жұлдызыңыз жанатынын көрсетеді. Мұндай түсті анаңызға жорытқан абзал.
Ақ жылан көрсеңіз: бұл дұшпаныңыздың мұсылман екенін немесе оның дұшпандықтан бас тартып, досқа айналатынын білдіреді. Бұл жағдайда жақсы тілек тілеу мен ақ ниет білдіру жолды ашады.
Жылан зиян тигізбесе: мұндай түс жақсылықтың белгісі болып табылады. Ақ түсті нәрседен садақа берсеңіз, өміріңізде жақсылық орын алады.
Қазақ түсінігінде жылан түске кірсе, денсаулықтың нашарлауы, достың сатқындығы немесе зымиян әрекеттерге тап болу мүмкін деген ескертулер айтылады. Сонымен қатар, жылан түсіңізде қуаныш пен байлықтың, тіпті күтпеген жетістіктің белгісі ретінде де жорылуы мүмкін.