Теміртауда төтенше жағдай жарияланды
Теміртауда төтенше жағдай жарияланды
Теміртауда опырылған көпқабатты үйдің тұрғындары басқа пәтерлерге орналастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ғимарат өмір сүруге қауіпті деп танылған. Қалада техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, қазір зардап шеккен көпқабатты үйді бірден үш мекеме: «Астана технадзор» ЖШС, «КазМирр» ЖШС және «ТрансИнжиниринг» ЖШС тексеріп жатыр. Олар өз қорытындысын 20 тамызда жариялайды.
«Үйдің тақталары мен құрылымын нығайту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар шыққанша тұрғындардың бұл үйде тұруына болмайтыны туралы алдын ала ұсыныстар жасалды. Үйдегі барлық пәтер тұрғындарының базасы толығымен қалыптасты: 80 пәтер, 155 тұрғын, оның 12-сі - қарт адамдар, 15-і - 18 жасқа дейінгі балалар. Жедел штаб үй тұрғындарына уақытша баспана беру мәселесі бойынша тәулік бойы көмек көрсетеді. Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасына 22 адамнан тұратын 8 отбасы орналастырылды. 70 отбасы туыстарына орналасып, пәтер жалдап тұрды, екі отбасы өз пәтерінде тұрмайды, 33 тұрғынға кеңес берілді», - деді Теміртау әкімдігі өкілдері.Сонымен қатар ведомство Теміртауда зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.