Тұрғын үй кезегі: Отбасы банкіндегі өзгерістер
Тұрғын үй кезегінде тұрғандар, "Отбасы банкінде" есебі бар азаматтар үшін маңызды ақпарат. Бұл ақпаратта негізгі өзгерістер туралы жаздық.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау аясында жаңа заңға қол қойды. Бұл заң Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыруды және тұрғын үй кезегін орталықтандырып жүргізу құқығын береді. Осы процесс алты айға созылады.
Өтпелі кезең:
Әкімдіктер алты ай ішінде тұрғын үй кезектерін Отбасы банкіне береді.
Банк «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесін іске қосады.
Кезекке тұру, өтінім беру және құжаттарды тексеру толығымен автоматтандырылады, бұл процестің ашықтығын арттырады және адами факторды азайтады.
Қосымша мүмкіндіктер:
Бірегей республикалық кезек базасын қалыптастыру және жаңарту.
Коммуналдық немесе жалдамалы тұрғын үйлерді бөлу туралы шешім қабылдау.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген заемдар ұсыну.
Тұрғын үй кезегінің талаптары:
Соңғы 5 жылда меншік құқығында тұрғын үйі болмауы тиіс.
Тұрғын үй тек апатты деп танылған жағдайда кезекке тұруға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік қолдау және басымдық берілетін санаттар:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар.
Табыс деңгейі төмен отбасылар.
Жаңа заңның әлеуметтік маңызы
Бұл реформалар тұрғын үй мәселесін шешу процесін барынша ашық және тиімді етеді. Жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жалғастырып, дайын пәтерлерді сатып алады. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификаттары арқылы бастапқы жарнаны өтеу мүмкіндігі қарастырылған.
Отбасы банкі тұрғын үй саясатындағы маңызды ойыншы ретінде өзінің жаңа мәртебесінде халыққа қолжетімді әрі заманауи шешімдер ұсынады. Жаңартылған жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтарын қорғаудыжәне мемлекеттік қолдауды әділетті таратуды қамтамасыз етеді.