Психология

Дене тілі арқылы өтірікті әшкерелеу жолдары

Дене тілі – вербалды емес қарым-қатынас түрі. Ол адамның ойы мен сезімін бейсаналы түрде жеткізу тәсілі.

Сезімдер мен эмоциялар туралы сөз қозғалғанда Альберт Мехрабианның әйгілі зерттеуі біздің қарым-қатынасымыздың 93%-ы вербалды емес екенін көрсетеді. Бұл 38%-ы дауыс ырғағына, ал 55%-ы дене тіліне байланысты. Бұл ереже әрдайым жүзеге аспаса да, қарсы тараптың бейсаналы белгілерін түсінудің маңыздылығын ерекше атап өтеді. 

Taulik.kz аталған зерттеуге сүйеніп, дене тілі арқылы адамды түсіну және ниетін анықтау жолдарын ұсынады.

Қолды немесе аяқты айқастыру

Фото:Getty Images

Қолды немесе аяқты айқастыру – дене тіліндегі ең кең таралған қимылдардың бірі. Бұл басқа адамның диалог жүргізуге ынталы емес екенін білдіреді. Сонымен қатар, бұл қимыл қорғаныс ұстанымын, жағымсыз жаңалықтарды қабылдауға дайын еместігін немесе жаңа идеяларға ашық еместігін көрсетеді. Мұндай қимыл келіссөздер жүргізу үшін қолайлы уақыт емес екенін аңғартады.

Қолды күмбез тәрізді ұстау

event.ru

Саусақтардың бір-біріне тиіп, ал алақандардың түйіспеуі арқылы қолды күмбез тәрізді ұстау – адамның өз сөзіне сенімді әрі шынайы екенін білдіретін белгі. Бұл қимыл жиі жоғары лауазымды немесе ықпалды адамдардың мәжіліс залдарында байқалады, олар өз әрекеттеріне немесе айтқан сөздеріне сенімді болады.

Екінші жағынан, егер осы қалыпта қолдар немесе саусақтар бір-біріне жақын тұрса, бұл адамның қобалжуын білдіруі мүмкін.

Басты тым көп изеу


Бас изеу әдетте адамның естігенін, түсінгенін немесе сізбен келісетінін білдіреді. Алайда, шамадан тыс бас изеу, әсіресе, әңгіме барысында орынсыз болған жағдайда, мазасыздық белгісі болуы мүмкін. Тым көп бас изеу кейде әңгімелесушілердің сіздің айтқаныңызды шынымен түсінбейтінін, бірақ әңгіменің мәнін ұғынуға тырысып, бейсаналы түрде осындай қимыл жасайтынын білдіруі мүмкін.

Көзге тік қарамау

www.wotowicplasticsurgery.com

Әңгімелесуші көзге тік қараудан қашқақтаса, бұл өтірік айту белгілерінің бірі болуы мүмкін. Егер ересек адам көзқарасын жиі басқа жаққа аударып тұрса, бұл оның бір нәрсені жасырып тұрғанын білдіруі мүмкін.

Бетті қолмен ұстау

ont.by

Әңгіме барысында адам бетіне жиі қолын тигізсе, бұл оның қобалжып тұрғанын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, егер адам өтірік айтса, ол бейсаналы түрде бетін жауып, өз сезімдерін жасыруға тырысады.

Еліктеу

event.ru

Бұл қарым-қатынасты жақсартатын тиімді құрал. Егер екі адам әңгімеге теңдей қызығушылық танытса, олар бір-бірінің қимылдарын бейсаналы түрде қайталай бастайды. Егер әңгімелесуші сіздің қимылдарыңызға еліктеп жатқанын байқасаңыз, бұл оның келісімге дайын екенін және сізді түсінетінін білдіруі мүмкін.

Осындай вербалды емес белгілерді білу адамдарды жақсырақ түсінуге, оларды тануға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл ақпаратты қарым-қатынастың дұрыс форматын таңдау үшін нұсқаулық ретінде пайдалануға болады. Алайда, дене тілі тұтас қарым-қатынастың бір бөлігі екенін және әрбір қимылдың өз мағынасы бар екенін есте ұстаған жөн.