Бүкіл әлемде 5G іске қосылған кезде адамдар жаппай өле бастай ма?
Бүкіл әлемде 5G іске қосылған кезде адамдар жаппай өле бастай ма?
Әлеуметтік желі қолданушылары 5G желілерінің орнатылуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, байланыс іске қосылған кезде адамдар кенеттен өле бастайды. Stopfake.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Шын мәнінде, 5G байланысының әсері адамдар үшін аса қауіпті деп ойлауға ешқандай негіз жоқ. 2021 жылдың шілдесінде Еуропалық парламенттің арнайы комиссиясы 5G-дің денсаулыққа әсерін зерттеу нәтижелерін жариялады. Онда мұндай байланыс өмір мен денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді делінген. Сонымен қатар бүгінгі таңда 5G желілері Қытай, АҚШ, Филиппин, Оңтүстік Корея, Канада және басқа елдерде мыңнан астам қалада жұмыс істеп тұр. Бұл қалалардағы адамдар технология пайда болғанға дейінгідей өмір сүріп жатыр. Елді мекендерде жаппай өлім тіркелмеген. Сондай-ақ 2022 жылдың шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 5G желісін орнату, іске қосу немесе инвестициялау бойынша жұмыстар әлемнің көптеген елдерінде жүргізіліп жатыр», – делінген мәтінде. «5G желілерін іске қосу Жер бетіндегі адамдарды өлтіреді деген теория фейк», – деп жазды сайт.