Медведев: Ресей ЕО азаматтарының біреуіне де зиянын тигізген жоқ
Медведев: Ресей ЕО азаматтарының біреуіне де зиянын тигізген жоқ
Ресейдің Украинаға жасап жатқан «арнайы операциясы» ЕО елдерінің бірде-бір азаматына зиянын тигізген жоқ. Бұл туралы 18 тамызда Ресей федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Дмитрий Медведев мәлімдеді деп хабарлайды Taulik.kz сайты EA Daily басылымына сілтеме жасап.
«Дәл қазіргі соғыс жағдайында Киев режиміне ЕО-ның 90 пайыз азаматтары қосылғысы келмейді. Тіпті, еуропалық саясаткерлер де әлеуметтік сауалнама бойынша мұны жоққа шығармайды және ресейге қарсы санкцияны (дәл сол сауалнама негізінде) көпшілігі қолдауға дайын емес, кей елдерде халықтың жартысынан көбі қолдамайды», – деп пікір білдірді Медведев өзінің телеграм каналында.