Жаңалықтар

Шерзаттың әкесі 15 күнге қамалды, ал әпкесі елден шығарылатын болды

Талғарда қайғылы жағдайдан кейін қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасы мүшелеріне қатысты түрлі шаралар қабылданды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.

"Қоғамдық орында балағат сөздер айтып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны, көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі Бақыт Реймоваға да жаза тағайындалды. Ол "митингке шақыру" айыбымен 15 күнге қамалды. Сондай-ақ, Реймова Қазақстан азаматы болмағандықтан, елден депортацияланатыны белгілі болды.

Отбасының тағы бір мүшесі, Салтанат Нұрымова, "ұсақ бұзақылық жасағаны үшін" 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал олардың күйеубаласы Айғазы да қамауға алынып, оның ісі бойынша сот отырысы тағайындалды.

Бұл оқиғалар Нұрқанат Ғайыповтың жерлеу рәсімінен кейін өрбіді. Желіде Қаржаубай Нұрымовтың әділ тергеу жүргізуді талап еткен бейнежазбасы тараған. Оның отбасы мүшелері сот шешіміне апелляциялық шағым түсіруді жоспарлап отыр.