"Есірткі салып кетемін": көршілер арасындағы жанжал
Астанада көршілер арасындағы жанжалмен полиция айналысып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Астанада көршілер арасындағы жанжал барысында бірі екіншісіне есірткі салып кететінін айтқан. Бұл жағдай полицияның назарын аудартты.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді. Алайда әңгіме барысында көршілер бір-біріне балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Бұл факт бойынша қатысушылар жауапкершілікке тартылады. Істің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", – деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар полицияда жанжалға қатысушылардың ешқайсысының құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екенін атап өтті.
"Сонымен бірге көршілердің бірінен түскен қауіп-қатерге қатысты тексеру жүргізілуде, оның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады", – деп қосты департамент.