Нұрқанат балалы болуға дайындалып жүрген – марқұм Шерзат пен Нұрқанаттың әпкесі (видео)
Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың әпкесі Перизат Нұрымова інісінің қайтыс боларының алдында балалы болуға дайындалып жүргенін, дәрігерге қаралып жүргенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Талғарда көз жұмған Шерзат Полат пен Нұрқанат Ғайыпбаевтың әпкесі Перизат Нұрымова YouTube желісіндегі Qazaq AIRAN арнасына эксклюзивті сұқбат беріп, көкейдегі ойын ортаға салды.
Ол сұқбат барысында марқұм інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайтыс боларының алдында балалы болуға дайындалғанын тілге тиек етті.