Бүгін Талғар қаласының жаңа әкімі тағайындалады

15 желтоқсан, 2024 / Ахмет Қанатұлы
Фото: rferl.org

Бүгін, 15 желтоқсан күні Талғар қаласында жаңа әкімді сайлау өтуде, деп хабарлайды Taulik.kz.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 26 сайлау учаскесінде өтеді. Жалпы, Талғар қаласында дауыс беруге құқылы 42 774 сайлаушы тіркелген.

Қаланың жаңа әкімі лауазымына үш үміткер тіркелді:

Арыстанбек Әбілқайырұлы

Кәденов Жәнібек Жанболатұлы

Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы

Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков қазан айында қызметінен босатылған еді. Оның отставкасы кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың қайғылы өліміне байланысты қабылданды.

Тэгтер:

әкім қала сайлау Талғар