Қорғаныс министрлігінің офицері педофилия күдігімен қамауға алынды
Ақмола гарнизонының әскери қызметкері балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті үшін қамауға алынған, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұған дейін БАҚ-та ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің орынбасары (лауазымы бойынша мәліметтерде айырмашылық бар: подполковник немесе майор) елордадағы ауруханада 2016 жылы туған баланы зорламақ болды деген ақпарат тараған.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының Қорғаныс министрлігінде оқуда болған әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда," - деп мәлімдеді ІІМ.