Астана-Петропавл тасжолында жаппай жол апаты болды (видео)

3 қаңтар, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Астана-Петропавл тасжолында жаппай жол апаты болды. Бұл туралы Qazaqstan.tv Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Полицияның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:30-да Біржан сал ауданындағы Қоғам – Қаратал ауылындағы жолда болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысқан.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

 

Тэгтер:

полиция Астана жол апаты көлік Петропавл