Жаңалықтар

"Сығандар сияқтымыз": Мадина Сәдуақасова ерекше отбасылық суретін көрсетті (фото)

Мадина Сәдуақасова 2025 жылды отбасымен Шри-Ланкада бастады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова 2025 жылды ерекше саяхатпен бастады. Өнер иесі Жаңа жылды елде қарсы алып, сол түні отбасымен бірге Шри-Ланкаға ұшып кеткен. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты.

Әншінің айтуынша, бұл жолғы демалыс оларға ерекше әсер қалдырған. Сәдуақасова отбасымен Шри-Ланканың әсем табиғаты мен көрікті жерлерін аралап, көптеген қызықты сәттерді басынан өткерген. Әлеуметтік желіде жұлдызды отбасы демалыстан жаңа фотолар жариялап, өз әсерлерімен бөлісуде.

«2025-тегі алғашқы пост! Жаңа жылды қарсы алып, сол түні Шри-Ланкаға ұшып кеттік. Шынымды айтсам, бұл жақ бізге ұнап жатыр ма, әлде тезірек үйге қайтқымыз келіп тұр ма, әлі түсінбей жатырмыз. Табиғаты керемет: теңіз, ыстық ауа райы, алып тасбақалармен шомылдық. Әйгілі пойызға мініп, өзімізді сығандардай сезініп қайттық. Тук-тукпен үшеуміз қаланы аралап жүрміз. Бәрі қызық, бірақ бірдеңе жетіспей тұрған сияқты ма? Суреттерден бәрі керемет көрінеді. Жыл осындай түсініксіз сезімдерден басталды», – деп жазды әнші.