Биыл еліміздің солтүстігіне көшетін жандар қандай төлемақы ала алады?

9 қаңтар, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтарға жұмыс күші тапшы аймақтарға көшуге мемлекеттен көмек беріледі.

2025 жылы Қазақстанда 7344 азаматқа жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударуға және баспана алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Taulik.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота 2025 жылға 9 653 адам деп бекітілген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 170 адамға артқан. Квотаның 2 309 орны қандастарға арналған.

Өңірлер бойынша квота бөлінісі

Қандастар үшін:

Қоныс аударушылар үшін:

Мемлекеттік қолдау шаралары

Қандастар мен қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау ретінде бірнеше көмектер қарастырылған:

Көшуге арналған субсидия: отбасының әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде, яғни 275 240 теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі.

Тұрғын үйді жалдау шығындарын жабу: бір жыл бойы ай сайын 15-30 АЕК, яғни 58 980 – 117 960 теңге аралығында төлем қарастырылған.

Жұмыс берушілерге арналған субсидия: 400 АЕК, яғни 1 572 800 теңге мөлшерінде.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту: арнайы жолдамалар беріледі.

Тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаты: тұрғын үй құнының 50%-ын немесе 4 561 120 теңгеге дейінгі соманы жабады.

Қандастардың тарихи отанға оралуы

2024 жылы 19,7 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 148 000-нан астам этникалық қазақ Қазақстанға көшіп келген.

Тэгтер:

өңір адам азамат қандас төлемақы солтүстік обылс квота