"Күшті жаңалық айтайын ба?": Жанболат Найзабеков елден сүйінші сұрады (видео)
Актер Жанболат Найзабековтің бесінші перзенті дүниеге келді
"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабековтың отбасында ерекше қуаныш орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалықты Жанболат Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп, арнайы видео жариялады.
2025 жыл актердің отбасы үшін тамаша жаңалықпен басталды. Жұлдызды жанұя бұл жолы ұл баланың өмірге келуімен қуанышқа кенелді.
"2025 жылдың ең керемет жаңалығын бөлісейін бе? Бесінші перзентім дүниеге келді. Сүйінші! Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар. Аллаға шүкір. Достар, мен ұлды болдым. Құттықтап қойсаңыздар болады", – деп бөлісті актер өз қуанышын.