Жаңалықтар

Бүркіт пен Аиша сәбилі болатынын жария етті (видео)

Бүркіт пен Аиша төртінші баласын күтіп жүргендерін айтты

Қазақстандық шоу-бизнес әлемінің жарасымды жұптарының бірі – Бүркіт пен Аиша төртінші баласын күтіп жүргенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында бұл қуанышты жаңалықты жанұясымен бірге Балидегі демалысы кезінде жеткізді. Бүркіт жариялаған видеода отбасының бақытты сәттері көрініс тапқан.

Жазбада ол: "Әйеліңнің аяғы ауыр кезде барлық қалауын орындайсың", – деп бөліскен.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа қолдау білдіріп, олардың қуанышына ортақтасып, көптеген жылы тілектерін білдіріп жатыр.