Жаңалықтар

19 тамызға арналған жұлдыз жорамал: Күніңіз қалай өтеді?

19 тамызға арналған жұлдыз жорамал: Күніңіз қалай өтеді?

Жұлдыз жорамалдың бір күнге арналған болжамымен танысып, уақытыңызды қызықты өткізіңіз.

Тоқты

Күннің басын отбасыңыз мен достарыңызға арнағаныңыз дұрыс. Жалпы бұл күні өзіңізге қажетті мәселелер жағымды шешілуі мүмкін. Ойлаған істеріңіздің бәріне қол жеткізесіз.

Торпақ

Денсаулық – зор байлық. Спортқа көңіл бөліп, әрбір сәттен қуанышты көбірек іздегеніңіз жөн. Достарыңыздың алдында мерейіңіз үстем болып, көптеген шаруаларды тындырасыз. Ең бастысы, сіз бақытты жансыз.

Егіздер

Күнделікті күйбең тіршіліктің соңынан жүрем деп, денсаулығыңызға ден қоюды естен шығарып алмаңыз. Уақыт тауып, кешкілік серуенге шыққаныңыз абзал.

Шаян

Күніңіздің жақсы басталуы өзіңізге байланысты. Жалқаулық адамның үлкен жауы, сондықтан көп еңбектенгеніңіз дұрыс. Сонымен қатар спортқа да көңіл бөлгеніңіз жөн. Жаныңызға жақын жанды тапқаныңыз да абзал.

Арыстан

Қуанудың сәті түсті. Көптен күткен мәселелеріңіз ыңғайына қарай шешілмек. Жалпы достарыңыздан қуанышты хабар келуі мүмкін. Кешкі отырыстарға баруыңыз ғажап емес. Сүйгеніңізбен қосыласыз.

Бикеш

Ойға алған жоспарыңызды іске асыруға асықпайсыз, батылыңыз жетпейді. Бағыңызды ұшырып алуыңыз әбден мүмкін. Сол үшін бар күш-жігеріңізді салып, мақсатыңызға жетуге талпыныңыз.

Таразы

Нағыз қуанышқа бөленіп, күліп жүретін уақыт келген сияқты. Бұл күнде көңілді жүріп-ақ талай істі бітіріп тастайсыз. Сіздің көңіліңіздің көтеріңкі болуы, қоршаған ортаға әсерлі болмақ.

Сарышаян

Жалқаулықтан арылу сізге оңай болмаса да, осы күнді толығымен жұмыс істеуге арнағаныңыз жөн. Сіз үшін бұл күн қызықты жаңалықтарға толы болады.

Мерген

Еңбек түбі – құрмет. Сондықтан бұл сіздің еңбегіңіз еленіп, бағаланатын уақыт. Сол себептен әлі де талмай еңбектене беріңіз, жемісін көресіз.

Тауешкі

Көздеген мақсаттарыңызға біртіндеп қол жеткізе бастайсыз. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Күннің екінші жартысында сізге үлкен табыс келеді.

Суқұйғыш

Достарыңызбен сирек араласуыңыз мүмкін, бірақ бұған бола ренжімеңіз. Қыдыруға қай кезде де уақыт табасыз, ең маңыздысы, ой көкжиегіңізді кеңейту. Бастысы күніңіз тамаша өтеді.

Балықтар

Бұл күні жол жүруіңіз мүмкін. Ата-анаңызбен бірге алыстағы туысқандарыңызға барып қаласыз. Күн басын жай бастағаныңызбен, соңына қарай қарбалас шаруалар көп болады.