Жаңалықтар

Kaspi Bank бастапқы уақытта Ислами банк болып басталған – теолог

Подкаст барысында діни радикализм, кредит мәселесі және Наурыз мейрамы сынды маңызды тақырыптар талқыланды. 

DOPE SOZ YouTube арнасында теолог, исламтанушы Асқар Сабдинмен подкаст жарыққа шықты. Асқар Сабдиннің айтуынша, Қазақстанда Ислам қаржыландыру принциптерімен жұмыс істейтін банк алғаш рет 1990 жылдары пайда болған.

Бұл банк Сауд Арабиясының әлемдегі ең ірі 100% Ислам банкінен саналатын «Әл-Раджхи» банкімен байланысты болған. 1990 жылдары Қазақстанға Камал Абдул Салех есімді кәсіпкер 100 миллион доллар инвестиция әкеліп, «Әл-Барака Қазақстан» банкін құрған.

Алайда, сол уақытта елдің заңнамалық жүйесінде Ислам қаржы принциптерін толыққанды енгізуге қолайлы жағдай жасалмағандықтан, банк ұзақ уақыт жұмыс істей алмады. Асқар Сабдиннің айтуынша, кейіннен бұл банк сатылып, қазіргі «Каспи Банк» ретінде танылған.

Асқар Сабдиннің мәліметіне сүйенсек, «Каспи Банк» өзінің бастауларын дәл осы «Әл-Барака Қазақстан» банкінен алады. Оның айтуынша, қазіргі Каспи Банк Ислам банкингінің мұрагері ретінде қарастырылуы мүмкін.

«Каспи Банк басында Ислами банк болған. 100% Ислам қаржысымен жұмыс істейтін әлемдегі ең үлкен банк – Сауд Аравиялық «Әл-Раджхи». Сол банк бізге де келген, бірақ заң жүйесінің өзгерістеріне байланысты банк сатылды», – дейді Асқар Сабдин.