Жаңалықтар

«Асып-тасқым келмейді»: Қайрат Нұртастың анасы үйін көрсетіп мақтанды (видео)

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзі тұрып жатқан үйін көпшілікке көрсетті.

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өз үйін көпшілікке көрсетіп, әлеуметтік желіде пікірін бөлісті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Айтуынша, ол қарапайым өмір сүргенді құп көреді және шектен тыс байлыққа ұмтылмайды.

"Мен қарапайым тұрғанды ұнатамын. Орташа өмір сүргенді қалаймын. Асып-тасқым келмейді. Оның үстіне ұйқым да тыныш. Ұры түседі деп уайымдамаймын. Қатты жаман да емес, керемет те емес, орташа тұрмыс дұрыс деп санаймын," – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Алайда, әлеуметтік желідегі кейбір оқырмандар оның үйін көрсеткенін сынап, елдегі әлеуметтік жағдайды ескеруді ұсынды. Бір оқырман: "Мақтануды ғана білесіз, қаншама адам нан таппай жүр," – деп пікір білдірді.

Оған жауап ретінде Гүлзира Үсенқызы өз көзқарасын ашық жеткізді.

"Үйіме перде тіктіргенім үшін халық шулап кетті. Жас қыздардың еңбегін бағалау керек. Ұялатындай жеті қанатты сарай соғып жатқан жоқпын. Әлде алтын жіппен тігілген перде көріп тұрсыз ба?! Бүгінде еңбек етпей, оңай жолмен өмір сүргісі келетін жастар көп. Ал мен қыздардың еңбегін қолдап, ұнатып жатқандар болса, тапсырыс берсін деп айттым. Еркек басыңызбен әйелдермен өсек талқылап не істеп отырсыз? Бұл әрекетіңіз ұят," – деп жазды ол.