Жаңалықтар

Шұғыл: Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, 5 адамның мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, жантүршігерлік апат орны алды

Qazaqstan ұлттық арнасының Telegram желісіндегі арнасының мәліметінше, өрттен қаза тапқандардың үшеуі бала. Қайғылы оқиға Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында тіркелді.

Аудандық әкімдік мәліметінше, жанып кеткен үйде жалғызбасты әке мен 4 бала тұрып келген. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.