Енді еліміздегі пойыздарда интернет желісі іске қосылады

24 қаңтар, 2025 / taulik
Фото: facebook.com/railways.kz

Аталған қанатқақты жоба Қазақстанның өзге бағыттарында ғаламтор қызметін дамытуға ықпал етеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 25 қаңтардан бастап №¾ «Астана-Алматы» пойызында интернет желісі іске қосылатын болады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Аталған қанатқақты жоба жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube сияқты қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына қолжетімділік шектеледі. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады.

Сонымен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру мақсатында бірнеше заманауи технологиялар енгізілмек. Атап айтқанда:

Зере ДАСТАН,
"Тұран" университеті
Журналистика факультетінің 4 курс студенті.

Тэгтер:

интернет пойыз Жолаушылар тасымалы