Жаңалықтар

"Молда түсінбей қалды": Жанар Айжанованың қызы мәһрге не сұрады? (видео)

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен неке қиды.

Желі жұлдызы бұл қуанышты жаңалықпен өз парақшасында бөлісті.

"Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыпты атандық. Қасымызда болғандарыңа алғыс!" – деп жазды Айжұлдыз.

Айта кетейік, сүйіктісі оған Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.

Оқырмандарының бірі одан мәһірге не сұрағанын білгісі келгенде, блогер:

"101 раушан гүлін. Молда неге алтын, үй, көлік емес екенін түсінбей қалды," – деп әзілмен жауап берді.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.