Жаңалықтар

Жануарлар туралы жұмбақтар: балаларға арналған жұмбақтар

Жануарлар туралы ерекше әрі қызық жұмбақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Басы – тарақ, арты – орақ.

Жауабы: қораз

***

Шықпайды үйден,

Тоны – жібектен.

Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады,

Сол аңды үйден табады.

Жауабы: мысық

***

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім?

Жауабы: құлыншақ

***

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

Жауабы: ешкі

***

Иір қобыз, жарық жұлдыз.

Жауабы: түйенің мойны мен көзі

***

Жалмаң құлақты сорға бітем,

Ел ішіндегі зорға бітем.

Жауабы: түйе

***

Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.

Жауабы: жылқы

***

Күнгейлі қара тасқа бітем,

Шаруа қуған басқа бітем.

Жауабы: қой

***

Қалың қорық нуға бітем,

Қоры үзілген қуға бітем.

Жауабы: сиыр

***

Жеміс-жидек жегенім,
Балды жақсы көремін.

Жауабы: аю

***

Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам

Жауабы: тиін

***

Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын.

Жауабы: маймыл

***

Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар.

Жауабы: арыстан

***

Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы,қайсы аңмын

Жауабы: жолбарыс

***

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

Жауабы: түлкі