Жаңалықтар

Табиғат туралы жұмбақтар: балаларға және ересектерге арналған жұмбақтар

Табиғат туралы жұмбақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті-

Төрт түсті жер үсті.

Жауабы: қыс, көктем, жаз, күз.

***

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

Жауабы: аяз.

***

Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас.

Жауабы: жұлдыз.

***

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

Жауабы: аққала.

***

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан етеді

Жауабы: су.

Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.

Жауабы: жел.

***

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Жауабы: күн.