Үй заттары туралы жұмбақтар: балаларға және ересектерге арналған жұмбақтар

27 қаңтар, 2025 / taulik
Фото: ашық дереккөз

Үй заттары туралы ерекше әрі қызық жұмбақтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Дауысы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағын он бұра.

Ол не?....

Жауабы: домбыра.

***

Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

Жауабы: киіз үй.

***

Шыр көбелек айналар,

Беліне жіп байланар.

Жауабы: ұршық.

***

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды.

Жауабы: сандық.

***

Тұрса, үйдей,

Жатса, қояндай.

Жауабы: ертоқым.

Тэгтер:

үй жұмбақ жұмбақтар балаларға арналған үй заттары ересектерге арналған